Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналды

2025 жылдың 4 ақпан күні Лепсі ауылдық кітапханасында экологиялық тәрбие мен жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Ушинский орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өз қолымен табиғатты қорғау, экологияны сақтау тақырыбында түрлі суреттер салып, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау соңында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Бұл шара балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты аялауға баулуға және олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосты.

Мәліметпен бөлісу: