Теміржол секторында өнім өндіру ұлғайды


2024 жылдың қаңтар-қараша айларында теміржол машина жасау секторының өнім өндіру көлемі 522,5 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8% — ға ұлғайды.

«2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы қазақстандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет», – деді  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы қазақстандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді.

Жыл сайын миллиондаған жолаушылар еліміздің түкпір-түкпіріне саяхат жасап, темір жол машина жасау кәсіпорындары жұмыс орындарын ашып, өңірлерді дамытып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда.

Ж. Мұқашев, Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: