Тапшы мамандар елге қызмет ететін болады


Кейінгі жылдары  мемлекет тарапынан қандастарды елге әкеліп, орнықтыру мәселесі тұрақты жүргізілуде. Әр түрлі бағдарламалар жүзеге асып та жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, «Ата жолы» картасы – этникалық қазақтарға елімізде бизнес-кейстерін іске асыруға және елде тапшы мамандардың қызмет етуіне берілетін құжат.

Карта иелеріне республика аумағында азаматтықтарын сақтай отырып, 10 жылғы дейін тұрақты тұруға рұқсат беріледі. Бұл құжатты «Құтты мекен» мобильді қосымшасының көмегімен өтініш беру немесе Қазақстан елшілігіне жүгіну арқылы алуға болады.

Бұл карта Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ адами әлеуетті дамыту, тарихи Отанмен байланысты нығайту және ұлттық дәстүрлерді сақтау, елге кәсіпқой мамандарды және табысты кәсіпкерлерді тарту үшін ҚР-ның 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Ж. ИГІМАН,

«Сарқан» газетінің директоры.

Мәліметпен бөлісу: