Ата жолы картасының шарттары

«Ата жолы» картасы иегерлерінің этникалық қазақтардан басты айырмашылығы – олар басқа елдің азаматы болып қала отырып, азаматтар мен қандастар сияқты құқықтарға ие болады.

Мәселен, оларға қазақстандық заңнамаға сәйкес жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік төлемдер жүргізу және қызмет алу, тегін орта білім алу, мемлекеттік мекемелерде тегін арнаулы орта немесе жоғары білім алу конкурсына қатысу немесе жеке оқу орындарында ақылы оқу және т. б. мүмкіндігі қолжетімді болады.

Бұдан басқа, «Ата жолы» картасының иегерлері Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алуға мүмкіндігі бар.

Айта кету керек, «Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқығы жоқ, республикалық референдумға қатыса алмайды және мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

А. ЕРБОЛАЕВ,

Сарқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: