Бірлік пен берекенің басты кілті


Этносаралық қатынас – елдегі бірлік пен берекенің басты кілті. Қазақстанның этносаралық саясаттағы және қоғамдық келісімді дамытудағы саясаты көп елге үлгі болуда. Бұл әсіресе Орталық Азиядағы елдер үшін аса маңызды. Қазақ халқы мемлекет құраушы ұлт ретінде басқа да ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін, тарихын сақтауына барлық жағдайды жасап отырған бірден бір ел.
«Бірлік болмай-тірлік болмас» деген мақалды басты қағида етіп ұстанған қазақ халқының санасында, тарихында соғысқұмарлық пен жаулап алушылық, басынушылық болмаған. Тарихтан алып қарасаңыз қазаққа басқыншылық жасағандардың аямай жазасын берген. Ал өздері ешқашан біреудің жеріне көз алартып, соғыс ашпаған халық. Қазақ толеранттығы дегеніміз — басқа этностардың салт-санасына, діні мен тіліне деген төзімділік танытуымен ерекшеленеді. Діни, мәдени айырмашылықтарға қарамастан елімізде этносаралық келісім сақталған. Бұл мақсатта Қазақстан халқының Ассамблеясы деген ұйым құрылып жұмыс жасап келеді. Әлемде аналогы жоқ ұйымның елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтауға қосып жатқан үлесі шексіз.


К. ҚАЛИЕВА,

аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.

Мәліметпен бөлісу: