
Бүгінгі таңда мемлекетімізде қазақтармен бірге көптеген ұлттық диаспоралардың (қауымдардың) өкілдері тұрады. Осыған байланысты этносаралық келісім мен дамудың оңтайлы моделі, былайша тұжырымдалады: Қазақстан – жаңа этникалық қауымдастық емес, әртүрлі ұлт азаматтарының бірлігі. Біздің халқымыздың интеграциясы еліміздің этникалық бірегейлігін сақтауға негізделген. Қоғамның этносоциалдық құрылымының түбегейлі жаңа моделін қалыптастыру өмірге және республиканың полиэтникалық қоғамының барлық спектрінің сұраныстарына барабар жауап бере алатын жаңа әлеуметтік институттар қажет. Бұл этникалық модернизацияның бір бөлігі болып табылатындығымен түсіндіріледі. Ұлтаралық бірліктің негізінде саяси және әлеуметтік құрылымдарды демократияландыру процестеріне әкеледі. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі бүгінгі күннің шындығына айналды. Қоғамдық келісімді дамыту арқылы, «Жаңа Қазақстанды» бірлесіп құруға болады. Ол үшін риясыз көңіл, бірлік-береке мен еңбек керек. Міне осындай жағдайда еліміздің тұрақтылығы нығайып, іргесі бекіп, әлемдегі түрлі геосаяси ойындар мен соғыстардан аман қалудың жалғыз жол екенін білгеніміз жөн.
Ж. МҰҚАШЕВ,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.
