Ұлттық бірегейлікті нығайтудың жолы

Еліміз табиғатқа да, пайдалы қазбаларға да, тарихқа да бай. Сондықтан қазақ мәдениетінің байлығын көрсету үшін әрі туризмді дамыту үшін мәдени шаралар, фестивальдар мен көрмелер ұйымдастыру қолға алуда. 

2022 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі елдің туристік саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жаңа жобасын әзірлеген болатын. Тұжырымдамада жоғарыда айтылған маңызды пунктер көрсетілген. Болжамдық есептеулерге сәйкес, 2026 жылға қарай туризмді дамытамын деген кәсіпкерлерді жаңа шаралармен қамту кемінде 2,5 мың бірлікке жетеді. Осы арқылы жұмыссыздық мәселесінің шешімін табуға өз үлесі болады. 2026 жылға қарай туризм саласында кемінде 5,5 мың жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекетімізде ішкі туризмді ұлғайту тек экономикалық пайда ғана емес, сонымен бірге ұлттық бірегейлікті нығайтудың, аймақтық экономиканы дамытудың және елдің табиғи мұрасын сақтаудың жолы. Бұл шараларды жүзеге асыру елде туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі және Қазақстанды демалыс пен саяхат үшін әлем тамсанар тартымды орынға айналдырады.

Ж. МҰҚАШЕВ,

Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: