Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) белгілеу туралы

Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешімі.
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда):
1) 1-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) 2-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;
3) 3-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін;
4) 4-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін;
5) 5-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаты үшін;
6) 6-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін;
7) 7-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін белгіленсін.
| Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешіміне 3-қосымша |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
| № | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіш |
| 1 | Шабындық жерлер сапалық жай-күйі бойынша: | ||
| жақсы | гектар | 0,32 | |
| қанағаттанарлық | гектар | 0,24 | |
| нашар | гектар | 0,19 | |
| 2 | Малдың 1 басын жаю үшін төлемақы: | Таулы табиғи аймақтар | Шөл және шөлейтті табиғи аймақтар |
| түйе | бас | 0,19 | 0,17 |
| ірі қара мал | бас | 0,15 | 0,13 |
| жылқы | бас | 0,15 | 0,13 |
| ірі қара төлі | бас | 0,07 | 0,05 |
| есек | бас | 0,07 | 0,05 |
| ешкі | бас | 0,13 | 0,11 |
| қой | бас | 0,04 | 0,02 |
| 3 | Марал шаруашылығы | гектар | 0,267 |
| 4 | Аң шаруашылығы | гектар | 0,267 |
| 5 | Ара ұясын орналастыру | дана | 0,267 |
| 6 | Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру | гектар | «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 508-бабына сәйкес жер салығы деңгейінде белгіленді |
Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану төлемақы мөлшерлемелері
| № | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіш |
| 1 | Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану (1 жылға және 1 жылдан 10 жылға дейін) | болған әрбір күн үшін | 0,2 |
| № | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіш |
| 1 | Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | гектар | 1,316 |
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 22-132 шешімі негізінде Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры
учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлері айлық есептік
көрсеткішпен (АЕК) есептелетін болды.
«Бөрлітөбе орман шаруашылығы»КММ-сі:
Бас инженер: Е.Н.Барлықбаев
Раб.тел.2-10-15
