Еңбек адамы – Жанат Қабдолдаева

Жанат Қабдолдаева – адал еңбегімен, табандылығымен көпке үлгі бола білген жан. Ол 1970 жылы Талдықорған облысы, Алакөл ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым аспазшы, еден жуушы қызметтерінен бастап, қиындықтардан қашпай, әрдайым адал еңбекті басты орынға қойды.
Өмір бойы ізденісте жүріп, 50 жасында Сарқан гуманитарлық колледжіне түсіп, кітапханашы мамандығын меңгерді. Қазіргі таңда Үшарал шекара басқармасында кітапханашы болып қызмет етіп, сарбаздар мен жастардың рухани дамуына үлес қосуда. Ол Абай, Мағжан, Мұқағали сияқты ұлы тұлғалардың мұраларын насихаттап, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға еңбек етуде.
Отбасында да Жанат Тоқташқызы – аяулы ана. Бес қыз тәрбиелеп, оларға сапалы білім беруді басты мақсат етті. Бүгінде қыздары әртүрлі салаларда табысты еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Жанат Тоқташқызы – қарапайым еңбектен бастап, өмірлік жетістіктерге жеткен еңбек адамының жарқын үлгісі. Оның өмірі мен еңбегі – табандылық пен ізденістің, адалдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: