
Құрылтай – ұсыныс-пікірлердің бірегей платформасы. Халықтың талап-тілектері мен өтініштерін, мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізуге мүмкіндік беретін ашық алаң. Азаматтық институттың қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалогы десек болады. Бұл жерде сала мамандары, қарапайым халық арасында жүрген қоғам белсенділері ұсыныс-пікір білдіріп, өте өзекті мәселелер қозғалады. Жиында сөйлейтін сала мамандары, қоғам белсенділері өз саласын басқаларға қарағанда жетік біледі. Сол жағынан Ұлттық Құрылтайдың маңызы зор. Әсіресе, аймақтардың дамуына ықпалы жоғары. Аймақтарда өткенінің өзі мәселеге тереңірек қарау керек екендігін, оларды шешудің оңтайлы жолдарын қарастыруға септігін тигізеді. Менің ойымша, құрылтай сияқты алаңның болғаны, ол жерде түрлі сала азаматтары, әлеуметтік топтардың өкілдері өз ой-пікірлерін ашық түрде, тартынбай ортаға салып, ұсыну мүмкіндігі маңызды. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді.
Ж. Мұқашев,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.
