Инвестициялық тартымдылық жоғары

Ресми мәліметтер бойынша Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде елімізге 330 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тар­тыл­ға­н. Осы орайда Орталық Азия­ға тартылған тікелей шетел­дік инвестициялардың 70 пайызы біздің елге тиесілі болып отыр.

Биылғы жылдың басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру мәселесін көтерді. Мемлекет басшысының айтуынша былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Олардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге.

    «Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6 пайызға жуықтады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекетіміздің инвес­ти­циялық тартым­ды­­лығы жоғары. Шет мем­ле­кет­тердің, халық­ара­лық ұйым­дардың біздің елге қаржы құюға құлшынып тұра­тыны да сондықтан. Түптеп келгенде мұндай қа­ты­настардың үлкен сенімге құрылатыны белгілі.

С. САДЫҚОВ,

Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: