Білім саласында мемлекеттік қызметтерді заңнама талаптарына сәйкес көрсетілмеу себебінен 57 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің негізгі басты бағыттарының бірі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және де халыққа сапалы қызмет көрсетуді бақылау болып табылады.

Осыған орай, Департаментпен мемлекеттік қызметтер  көрсету барысында заңдылықтын сақталуының қамтамасыз ету мақсатында облыс көлеміндегі аудандардың және қалалардың білім бөлімдерімен, аудан, қала, ауыл мектептерімен және балабақшаларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қашықтықтан байқау жүргізіліп, қызмет берушілер тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.

Мәселен, Департаментпен Ақсу, Сарқан, және Көксу аудандарының, Текелі және Талдықорған қалаларының білім бөлімдері, мектептері мен балабақшалары көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібін бұза отырып, яғни қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы тіркелмеу түріндегі 57 факті анықталды.

Нәтижесінде, Департаментпен Жетісу облысы Білім басқармасына заңдылықтын бұзылуына әкеп соққан себептерді және оның салдарын жою туралы тиісті ұсыным енгізіліп, 57 қызмет алушылардың өтініштерін тіркеу арқылы құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері    агенттігінің  Жетісу облысы бойынша Департаментінің  басшысы, Әдеп   жөніндегі кеңес төрағасы  

Қ.Т. Манап     

Мәліметпен бөлісу: