ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT»  партиясы Сарқан аудандық филиалы Сарқан ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бірлесіп Сарқан көпсалалы колледжінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарының бұзылуының алдын алу бойынша кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге колледж қызметкерлері колледжде жұмыс істейтін мүмкіндігі шектелген азаматтар және мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Садықов Еркін Чайзадаұлы қатысты.

Кездесу кезінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жүргізілді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: