
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департамент Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына орай «Арасан» шекара бөлімшесінің аумағында ағаш көшеттерін отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және жас буынға патриоттық тәрбие беру. Бұл бастама шекарашылардың туған елге деген сүйіспеншілігін, ел шебін күзетумен қатар, табиғатты аялауға да үлес қосатынын көрсетті.
Шараға бөлімше жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдері мен оқушылар қатысты. Көшеттер отырғызылып, бөлімше аумағы абаттандырылды.
Бұл игі іс алдағы уақытта дәстүрге айналып, жасыл желекке оранған шекара аумағы ұрпаққа көрікті естелік болып қалмақ.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
