Ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін құрылым


«Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым болып табылады. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея қызметін халыққа түсіндіріп, одан әрі насихаттауға және азаматтарды ел бірлігін нығайту жолындағы ауқымды жұмысқа жұмылдыруға ұтымды пайдаланауымыз қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру елдегі этносаралық ынтымақ пен ауыз¬біршілікті ұйыстыруға бағытталғанын қалаймын. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылуын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік орын алады. Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ел бірлігін еселеп, ұйым беделін арттыра түсуіне сенімім мол.
Бауыржанқызы Назерке

Мәліметпен бөлісу: