Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің элементі

Азық-түлік қауіпсіздігі — бұл белгілі бір параметрлер мен индикаторларды бағаламай-ақ шешуге болмайтын негізгі әлеуметтік міндет.  Азық — түлік қауіпсіздігі-мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің элементі. Бұл әр уақытта барлық адамдар белсенді және салауатты өмір сүру үшін қажетті сандық тұрғыдан жеткілікті қауіпсіз тағамға физикалық және экономикалық қол жеткізе алатын жағдай.  

Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін бағалау үшін индикативтік көрсеткіштер және олардың шекті мәндері пайдаланылады. Олардан ауытқу ұлттық мүдделердің қорғалу деңгейінің төмендегенін және тиісті реттеу шараларын қабылдауды талап ететін жағдайды көрсетеді.  Азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды индикаторларының қатарына мыналар жатады: Азық-түліктің физикалық қолжетімділігі (сұраныс бойынша қамтамасыз ету). Ішкі нарықта ауыл шаруашылығы өнімінің, шикізаттың және азық-түліктің болуы және оларды сатып алу мүмкіндігінің жеткіліктігі.

Қ. ЖАНАСБЕКОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: