
2025 жылғы көктемгі шақырылым аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінде салтанатты шара өтті.
Шара барысында үш жүзден астам жас сарбаз туған еліне адал қызмет етуге, Отанды жанқиярлықпен қорғауға серт беріп, әскери ант қабылдады. Бұл — олардың әскери өмір жолындағы маңызды әрі жауапты қадамдарының бірі.
Салтанатты рәсімге бөлім командирлері, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. Сөз алғандар жас шекарашыларға сәттілік тілеп, ел қауіпсіздігі жолындағы қызметтерінің абыройлы болуына ниеттестік білдірді.
Әскери ант қабылдау рәсімі — сарбаздың азаматтық өмірден әскери қызметке қадам басқанын білдіретін ерекше әрі мағыналы күн. Бұл жас сарбаздардың ел қорғаны болуға деген алғашқы ресми уәдесі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
