
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама қазақстандықтарды біріктіріп, оларды туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіре алды.
– Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бірақ, ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек делінген Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында.
Бұл Қазақстан аумақтарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған жалпыұлттық экологиялық бастама.
Акцияның мақсаты-табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту.
К. ҚАЛИЕВА,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.
