Экологиялық мәдениетті арттырады

Еліміздің табиғаты мен қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» — экологиялық акцияцы өңір-өңірде белсенді түрде жалғасын тауып келеді. Республикалық акция аясында еліміздің барлық аймақтарында өзен-көлдер мен ормандарды, саябақтар мен басқа да табиғи аумақтарды тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама. Бұл шараның басты мақсаты – тек қалалар мен ауылдарды емес, табиғи орта мен мәдени ескерткіштерді де таза ұстау. Акцияға қатысушылар саябақтар, көшелер және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, айналаны таза ұстауға, көгалдандырып, табиғатты қорғауға атсалысады.

Ж. МҰҚАШЕВ,

Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: