Алдын алу шарасы өтті


Текелі қаласында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында тәрбиелік-маңызға ие іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – шекара қызметінің жас жауынгерлері мен шекара сақшылары арасында заң талаптарын қатаң сақтау, әскери тәртіп пен ішкі тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Іс-шара барысында бөлім басшылығы мен лауазымды тұлғалар сөз сөйлеп, заңға бағыну мен әскери антқа адалдықтың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ шекарашылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әңгіме-дәрістер жүргізіліп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Шара соңында жеке құрамға Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқаруға, Отан қорғаушылардың айбынды дәстүрін сақтауға үндеу жасалды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

Мәліметпен бөлісу: