Тұрғындар қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» Бақалы ауылының тұрғындары қызу қолдауда. Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын» талқылау мақсатындағы жиын 19 сәуірде Бақалы ауылдық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадырұлы Нұрқадыровтың  төрағалығымен өткізілді.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Мұрат Түсіпов, «Бақалы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Бақалы ауылдық округінің әкімі Арын Күрішбаев, мектеп қызметкерлері, ауыл тұрғындары, партия мүшелері қатысты. «Нұр Отан» партиясы Алматы облысы филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадырұлы өз сөзінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін тарата айтып, әр бастамаға мейлінше жеке-жеке  тоқталып, халыққа түсіндірді.  Отырыс соңында ауыл тұрғындары, мектеп қызметкерлері, партия мүшелері  Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасына» қолдайтындықтарын білдірді.

 

А.Омаров,

«Нұр Отан» партиясы Сарқан  аудандық филиалының кеңесшісі.

Мәліметпен бөлісу: