«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н.Ә. Назарбаев.
(«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»).
Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз.
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.
Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті.
Есимбекова Динара Айдарханқызы Абай атындағы мектеп-гимназияда ағылшын тілінен сабақ беру барысында өмірдің ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу үшін ағылшын тілін оқушыларға шығармашылықпен үйретуге жетелеп жүрген ұстаз. Ол оқушыларды ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі жарыстарға қатыстырып отырады.Оның айғағы 10 наурыз күні Алматы қаласында «Таланттар академиясы» ұйымдастырған халықаралық көркем сөз оқуына ағылшын тілі пәні бойынша бастауыш сынып оқушылары Пазлолла Лайла мен Сансызбаева Анарды қатыстырып I дәрежелі дипломмен және күміс алқамен марапатталса, ұстаздың шығармашылық еңбегін бағалаған ұйымдастырушылар Есимбекова Динара Айдарханқызына «Алтын алқа» тақты. Бұл марапат ұстаз мерейін шәкірт алдында, ұжым алдында арттыра түсті.
К.Ушинский: «Бала — балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де, мұғалімнің өз қолында», — деп айтқандай үштілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік деген болса, ізденімпаз ұстаз мектеп қабырғасындағы оқушыларды өркениетті мәдениетке тәрбиелеп жүрген тұлғаның бірі.
Шәкірттерінің болашағы баянды болу үшін білім жолында, білім жүйесінде аянбай еңбек жолындағы жетістіктерімен Динара Айдарханқызын мақтан етеміз.
Ұ.Смаханова,
Абай атындағы мектеп-гимназия мұғалімі.
Суретте: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есимбекова Динара Айдарханқызы және Дубайға жолдама алған жеңімпаз оқушылар Пазлолла Лайла мен Сансызбаева Анар.