Кеңес отырысы өтті

         Ауданда азаматтық қоғам институттарын дамытудың құқықтық негіздерін айқындау бүгінгі күннің басты талабы. Азаматтық қоғам институттарының қатарына қоғамдық ұйым, ҮЕҰ және саяси партиялар кіреді. Осы орайда, ҮЕҰ жұмысын үйлестіру, өзара әрекеттестікті нығайту мақсатында аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес отырысы өтті.

          Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда азаматтық қоғам институттарының рөлі, азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс туралы, 2025 жылға арналған «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік жобалары бойынша тақырыптық бағыттарын бекіту және Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсыну туралы.

          Жиында көтерілген барлық мәселелер кеңес мүшелерімен талқыланып, шешім қабылданды.

Мәліметпен бөлісу: