Монополияға қарсы реттеу


Қазақстан Республикасындағы бәсекелестікті қорғау саласындағы негізгі акт ҚР Кәсіпкерлік Кодексі болып табылады.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу — монополияға қарсы органдардың негізгі функцияларының бірі. Ол үшін заңнамада тергеу, жауапқа тарту, сондай-ақ нарық субъектілері де, мемлекеттік органдар да тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды шектеу және жолын кесу шаралары көзделген.
Тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер
Бұзушылықтарды тергеп-тексеру келесі негізде басталуы мүмкін:
мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
монополияға қарсы органның өзі анықтаған фактілер;
бұзушылық белгілері туралы БАҚ-та жарияланымдар;
нарық субъектісінің не мемлекеттік органның монополияға қарсы органның хабарламасын орындамауы.
Тергеу нәтижелері
Тергеу аяқталғаннан кейін монополияға қарсы органның лауазымды адамы қорытынды дайындайды. Оның негізінде келесі шешім қабылдануы мүмкін:
• тергеп-тексеруді тоқтату;
• әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;
• бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару;
• материалдарды құқық қорғау органдарына беру.
Әкімшілік жауапкершілік
Істерді қарауды монополияға қарсы орган немесе мамандандырылған әкімшілік соттар жүзеге асырады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі (ӘҚБтК) мынадай санкцияларды көздейді:
• айыппұлдар;
• монополиялық кірісті тәлкілеу.
Оның ішінде:
• ӘҚБтК-нің 162-бабы нұсқамаларды орындамағаны, ақпарат бермегені, тергеп-тексеруге кедергі келтіргені үшін жауапкершілік;
• ӘҚБтК-нің 163-бабы мемлекеттік органдар мен реттеуші функциялары бар ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері, сондай-ақ жосықсыз бәсекелестік үшін жауапкершілік;
• ӘҚБтК 159-бабы:
• 1-б. — бәсекелестікке қарсы келісімдер;
• 2-б. — бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер;
• 3, 3-1-б. — үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану.
Осылайша, монополияға қарсы реттеу әділ бәсекелестікті сақтауда, бизнес пен тұтынушылардың мүдделерін қорғауда шешуші рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

Мәліметпен бөлісу: