Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі шеңберінде Ақсу ауданының бірқатар мемлекеттік мекемелеріне жоспарлы тексеру жүргізді.
Аудиторлық іс-шаралар бюджет қаражатын жұмсау және мемлекеттік активтерді жоспарлау кезінде бюджет және өзге де заңнама нормаларының сақталуын бағалауға бағытталған. Тексеру шеңберінде: «Ақсу ауданы әкімінің аппараты», «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» , «Ақсу ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», сондай-ақ «Ақсу ауданының экономика және қаржы бөлімі».
Аудит қорытындысы бойынша 24,5 млн теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 7,8 млн теңгесі бюджет кірісіне өтелді және 151,8 млн теңгеге рәсімдік бұзушылықтар бұзушылықтардың негізгі бөлігі негізсіз сыйақы төлемдерімен, іссапар шығыстарымен, жанар-жағармай материалдарын есептен шығарумен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша міндеттемелердің толық орындалмауымен байланысты.
Аудит нәтижелері бойынша мекемелерге анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарымдар жіберілді.төрт лауазымды тұлғаға қатысты бюджет кірісіне толық өндіріп алынған 432,2 мың теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жетісу облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің сәйкестік
аудиті бөлімінің басшысы
М.Ербекова
