«Менің Елім – Менің Туым» атты кең ауқымды акция өтті.

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы жанындаңы Жетісу облысты «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен Мемлекеттік Туды насихаттауға бағытталған «Менің Елім – Менің Туым» атты кең ауқымды акция ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне деген құрметті арттыру, азаматтардың бойында елдік пен бірлік сезімін нығайту, сонымен қатар жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту болып табылады. Автор: Жетісу облысы Акция аясында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімдері ұйымдастырылып, тұрғындарға еліміздің көк байрағының тарихы мен мағынасы түсіндірілді. Қатысушылар Туға деген ерекше құрмет пен мақтаныш сезімін білдіріп, ұлттық рәміздеріміздің ел тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтінін атап өтті. Іс-шараға «Жастар Рухы» , жастар қанатының белсенділері қатысты. Бұл көрініс елдің рухын көтеріп, патриоттық сезімге бөлеген ерекше сәт болды. Шара барысында сөз сөйлеген Жетісу облысты «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Сайлаубай Қуаныш Мүслімұлы Мемлекеттік Ту – біздің ортақ мақтанышымыз, тәуелсіздігіміздің және мемлекетіміздің тұтастығын бейнелейтін ең қасиетті нышандардың бірі екенін атап өтті. Жетісу облысы Жастар Рухы ЖҚ

Мәліметпен бөлісу: