Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2024 жыл және 2025 жылдың қаңтар–маусым айлары кезеңінде Жетісу облысының географиялық шегінде күнбағыс майын (тазартылған және тазартылмаған) көтерме сату нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жоспарлы талдауды аяқтады.
Талдаудың мақсаты – бәсекелестіктің даму деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетін шаруашылық субъектілерін анықтау, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану фактілерін қоса алғанда, монополияға қарсы заңнаманы бұзудың ықтимал белгілерін белгілеу болып табылады.
Талдау қорытындысына сәйкес, Жетісу облысы шегіндегі күнбағыс майының (тазартылған/тазартылмаған) көтерме өткізу нарығы жоғары шоғырланған нарықтарға (І түрі) жатады. Аталған нарықтағы бәсекелестік деңгейі дамымаған деп бағаланады.
