«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының жанындағы білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес және партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырсы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының жанындағы білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.
Отырыста облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, партия мүшелері және жауапты органдардың өкілдері қатысты.
Кезектен тыс отырыстың негізгі мақсаты – «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жол картасындағы іс-шаралардың орындалу барысын талқылау, орын алған түйткілді мәселелерді саралау және олардың тиімді шешілу жолдарын қарастыру.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде аймақтағы білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы өзекті жағдайы. Сонымен қатар, Талдықорған қаласына қарасты Қызыл тас саяжайы тұрғындарының әлеуметтік желіде Президентке жолдауы туралы мәселелері қаралды.
Мәселен, Жетісу облысының білім басқарма басшысының орынбасары Али Солтанбековтің айтуынша:

  • «Жетісу облысында 314 жалпы орта, 88 мемлекеттік мектепке дейінгі, 27 техникалық және кәсіптік білім беру және 21 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл білім беру ұйымдарында барлығы шамамен 19 мың педагог еңбек етеді. Облыстың білім беру жүйесін дамыту және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында соңғы жылдары бірқатар маңызды жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Мәліметпен бөлісу: