«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУДА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ


Талдықорғанда «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы отбасы мен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, партия мүшелері және тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында партияның 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Жол картасына енгізілген тармақтардың орындалу барысы талқыланды.
Күн тәртібінде қаралаған мәселеге Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев баяндама жасады.


Оның айтуынша, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасында көзделген 11 көрсеткішті орындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
Бүгінгі күнге 8 көрсеткіш орындалды, 3 көрсеткіш орындалу барысында.
Мәселен, өңірде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында «Отбасын қолдау орталықтары» 2023 жылдан бастап іске қосылуда. 2023 жылы 15 төсек-орынмен қамтылған «Жанұя» «Отбасын қолдау орталықтары» Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында ашылды, Осы мақсатқа облыстық бюджеттен әр орталыққа 74,0 млн.теңгеден, барлығы 222,0 млн.теңге қаражат бөлінді. 2024 жылы Алакөл, Кербұлақ, Қаратал аудандарында, 2025 жылғы шілде-қыркүйек айларында Ескелді, Ақсу, Көксу аудандарында ашылды.
«2025 жылы субсидияланатын жұмыс орындарына 8 483 адамды жолдау жоспарланған, бұл мақсатта 2025 жылдың 1 желтоқсанына субсидияланған жұмыс орындарына 10 184 адам жолданды»,- дейді Ермек Мизамбаев.
Отырыс соңында кеңес мүшелері әлеуметтік саясат бағытындағы бастамалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін жауапты органдарға бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берді. Сонымен қатар, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыс жалғасатыны атап өтілді.

Мәліметпен бөлісу: