Алда тұрған міндеттер сараланды

9 қаңтар күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А. Байгунусовтың төрағалығымен этносаралық мәселелер жөнінде кеңес өтті. Жиында өңірдегі қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, қоғамдық келісімді нығайту жайы талқыланып, алда тұрған міндеттер сараланды.


Аудан әкімінің орынбасары Алмас Байгунусов отырыстың бірлікті нығайтуда маңызы ерекше екенін айта келе, алдағы атқарар мақсат-міндеттерге тоқталды. Тиісті мекеме басшылары қатысқан кеңеске шалғай аймақтағы ауыл әкімдері зум арқылы қатысса, жақын маңдағы ауыл басшылары келіп қатысты.


Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы алда тұрған бірқатар міндетті айта келе, өңірде этносаралық келісімді сақтау, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу ісінде күш біріктіре отырып жұмыс істеуге сенім білдірді.

Мәліметпен бөлісу: