
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі, ол әр адамның, әр қоғамның және бүкіл әлемнің тұрақтылығы мен дамуында маңызды рөл атқарады. Бейбіт өмір сүру – адамдар арасындағы ынтымақтастықты, түсіністікті және бір-біріне деген құрметті білдіреді.
Бейбітшілік орнаған қоғамда адамдар қауіпсіздік пен тыныштықты сезінеді, өздерінің болашағына сеніммен қарайды. Мұндай қоғамда білім алу, жұмыс істеу, шығармашылықпен айналысу және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Сонымен қатар, бейбітшілік пен тұрақтылық экономикалық өсуге, әлеуметтік даму мен мәдениет өркендеуіне ықпал етеді.
С. Садықов,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.
