Мемлекеттік сатып алулар кезінде картельдік сөз байласу фактісі расталды

Жетісу облысы мен Алматы қаласының монополияға қарсы органдары жүргізген тергеп-тексеру барысында автомобиль жолдарын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде картельдік сөз байласу белгілері анықталды. Тергеу нәтижесінде «РСУ-1» ЖШС мен «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС сауда-саттыққа қатысу кезінде келісілген әрекеттер жасап, баға ұсыныстарының қалыптасуына ықпал еткені белгілі болды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабына сәйкес, сауда-саттық қорытындыларын бұрмалауға және бағаларды ұстап тұруға бағытталған нарық субъектілері арасындағы деңгейлес келісімдер картель деп танылады және заңнамамен тыйым салынады.

Компаниялар тергеп-тексеру нәтижелерін сот тәртібімен даулады. Бірінші сатыдағы сот монополияға қарсы органның қорытындысын заңсыз деп таныды. Алайда, апелляциялық шағымды қарау нәтижесінде бұл шешімнің күші жойылып, картельдік сөз байласу фактісі расталды, ал монополияға қарсы органның әрекеттері заңды деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазіргі уақытта материалдар қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын бағалау үшін Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Мұндай белгілер анықталмаған жағдайда монополияға қарсы ықпал ету шаралары қабылданады, оның ішінде нұсқама шығару, монополиялық табысты тәркілеу және әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

ПОДТВЕРЖДЕН ФАКТ КАРТЕЛЬНОГО СГОВОРА ПРИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ЗАКУПКАХ

Антимонопольными органами области Жетісу и города Алматы в ходе расследования выявлены признаки картельного сговора при проведении государственных закупок по ремонту автомобильных дорог. Установлено, что ТОО «РСУ-1» и ТОО «АБЗ Карьер ДРСУ» осуществляли согласованные действия при участии в торгах, оказывая влияние на формирование ценовых предложений.

Согласно статье 169 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан горизонтальные соглашения между субъектами рынка, направленные на искажение итогов торгов и поддержание цен, признаются картелем и запрещаются законодательством.

Компании обжаловали результаты расследования в суде. Суд первой инстанции признал заключение антимонопольного органа незаконным. Однако по итогам рассмотрения апелляционной жалобы решение было отменено, факт картельного сговора подтвержден, а действия антимонопольного органа признаны законными. Решение суда вступило в законную силу.

В настоящее время материалы направлены в Департамент экономических расследований по области Жетісу для оценки наличия признаков уголовного правонарушения. В случае их отсутствия будут приняты меры антимонопольного реагирования, включая вынесение предписания, конфискацию монопольного дохода и привлечение к административной ответственности.

Мәліметпен бөлісу: