
САРҚАНДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін колледж студенттеріне Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін жеткізу мақсатында студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшесі Құдияров Жалел Калелұлы қатысты.

Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
