Сарқанда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» аудандық коалициясы Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің ұжымымен кездесті
Сарқан қаласындағы өнегелі өткені, тамырлы тарихы бар іргелі оқу ордасы — Н.Островский атындағы мектеп-лицейінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін жеткізу мақсатында мектеп қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Алинов Ермек Шопиянұлы, Дармышев Ерлан Ерұзақұлы қатысты.
Кездесу барысында коалиция мүшелері конституциялық реформа елдің орнықты дамуы, демократиялық қағидаттарды нығайту және саяси жүйені кешенді жаңғырту жолындағы стратегиялық әрі тарихи қадам екеніне баса мән берді. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістер Мемлекет басшысы бастамашы болған жаңғыртулардың дәйекті жалғасы екеніндігін атап өтті.
Жергілікті шаруалар, өндіріс қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер, сан түрлі сала өкілдерімен Жаңа Конституция жобасының маңызды нормалары кеңінен талқыланып жатқан мұндай мазмұнды кездесулер ауданымызда жалғасын табуда.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
Өз тілшіміз.
