АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ ХАЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

САРҚАНДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ ХАЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Сарқан қаласындағы Халық банк қызметкерлері мен аудан тұрғындарына Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі болып саналатын жастарға жан-жақты жеткізу мақсатында Халық банк қызметкерлерімен кездесуі өтті.


Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшесі Құдияров Жәлел Калелұлы қатысты.
Сарқан аудандық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.

Мәліметпен бөлісу: