«Балдәуренге» — 10 жыл

2008 жылы Екіаша ауылындағы бұрынғы балабақша  жаңа кейіпте жаңғырып, бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан болатын. Биыл  «Балдәурен» балалар бақшасына 10 жыл толып отыр.

Салтанатты шараға арнайы келген меймандар мекеменің аталған уақыт аралығында  жеткен жетістіктерімен танысты. Арнайы көрмеде бүлдіршіндердің қолөнер бұйымдары мен өткен жылдардағы, бүгінгі тыныс-тіршілігі және келешектегі арман-мақсаттары көрініс тапқан.  Бүлдіршіндердің шағын қойылымдары мен бал тілдерімен жеткізген өлең-тақпақтары, ән-билері  мерекенің мәні мен сәнін келтіре түсті. Аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков «Балдәурен» ұжымын айшықты 10 жылдықтарымен құттықтап, бір топ қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хатын тапсырып, ұжым қызметкерлерінің жауапты  жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Иманғазиева, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермек Алинов шығармашылығымен ерекшеленген тәрбиешілерді марапаттады. «Балдырған» балалар бақшасынан 10 жыл бұрын тәрбиеленіп, қанат қағып ұшқан түлектері де ыстық алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар  «Балдәурен» ұжымына айтулы мерекелеріне орай Астана, Алматы, Талдықорған қалаларынан арнайы келген Екіашадан түлеп ұшқан мектеп, балабақшаның бұрынғы жетекшілері, қызметкерлері шынайы тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті.

 

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: