Республика бойынша сайлаушылардың келу көрсеткіші 37,54 %-ды құрады

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54% құрады. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

  • Абай облысы – 41,93%;
  • Ақмола облысы – 44,66%;
  • Ақтөбе облысы – 45,73%;
  • Алматы облысы – 40,41%;
  • Атырау облысы – 42,29%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 36,59%;
  • Жамбыл облысы – 35,86%;
  • Жетісу облысы – 43,32%;
  • Қарағанды облысы – 42,95%;
  • Қостанай облысы – 37,10%;
  • Қызылорда облысы – 43,18%;
  • Маңғыстау облысы – 34,57%;
  • Павлодар облысы – 36,57%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 41,64%;
  • Түркістан облысы – 44,13%;
  • Ұлытау облысы – 36,59 %;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 42,88 %;
  • Астана қаласы – 31,23 %;
  • Алматы қаласы – 14,85 %;
  • Шымкент қаласы – 42,59 %.

Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Мәліметпен бөлісу: