
Ұжым мүшелері ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытты.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан олар сайлауға қатысуды өздерінің азаматтық борышы деп санайды. Ұжым болып келіп дауыс беру – олардың бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетеді.
«Басқан Пауэр» ұжымының бұл қадамы қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі. Осындай бастамалар елдегі тұрақтылықты, бірлік пен жауапкершілікті нығайта түседі.
