
Бұл маңызды шарадан Сарқан өнерпаздары халықтық театры да тыс қалған жоқ.
Аталған ұжым – өңірдің мәдениет саласына өзіндік үлестерін қосып, мәдени-көпшілік шаралардан тыс қалмауда. Сарқан өнерпаздары халықтық театры саяси науқанды әрбір азамат елеусіз қалдырмай, елдік мүдде жолында белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.
«Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің дамуы – бәрімізге ортақ. Сондықтан әр азамат осындай тарихи сәттерде өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамауы тиіс», – дейді өнерлі ұжым өкілдері.
