Баламасы жоқ жоба

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын дамыту үшін цифрлық технологияларды қарқынды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Алматы облысы Сарқан ауданындағы жас IT-мамандары елбасымыздың «Цифрлық Қазақстан» Жолдауына байланысты еліміздің ауыл шаруашылығы оның ішіндегі малшаруашылығын дамытуға көптеген үлесін қосатын «Malbazar.su» атты Қазақстанда баламасы жоқ жобаны ұсынып отыр. Ежелден мал шаруашылығын кәсіп еткен қазақ үшін төрт түлігін сатып, ақшаға айналдырудың ұтымды жолын ойлап тапқан Сарқан ауданының жас IT-мамандары Malbazar.su сайты арқылы енді сіз базар маңына төрт түлігіңізді қымбат уақытыңызды кетіріп, тасымалдамайсыз, жәй қолыңыздағы ұялы телефоныңызбен арнайы малбазар сайты арқылы сатуға да сатып алуға қол жеткізесіз! Уақытты тиімді пайдалана отырып, жұмыс жасайтын отандық жобаның іске асырылуына атсалысайық.

А.Салимбеков,

 «Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының» кеңесшісі.

Мәліметпен бөлісу: