Қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудың маңызды бағыты

Құқықтық сауаттылықты арттыру және ксенофобия мен кемсітушіліктің алдын алу – қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметті нығайтудың маңызды бағыты. Бұл ретте азаматтарға заң талаптарын түсіндіру, әсіресе әлеуметтік желілердегі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру аса өзекті.

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру – қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады. Мұндай әрекеттерге арандатушы жазбалар, қорлайтын пікірлер, жалған ақпарат тарату, белгілі бір топтарды кемсіту немесе жеккөрушілікке шақыру жатады. Заң бұзған тұлғаларға айыппұл салу, бас бостандығын шектеу немесе айыру сияқты жауапкершілік көзделген.

Әлеуметтік желілерде әрбір қолданушы келесі этикалық қағидаларды ұстануы тиіс: – Басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

– Дәлелсіз немесе арандатушы ақпарат таратпау;

-Ұлтаралық, дінаралық келісімге нұқсан келтіретін пікірлерден аулақ болу;

– Заң талаптарын сақтау және жауапкершілікті сезіну.

Құқықтық сауаттылықты арттыру үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, семинарлар мен кездесулер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстар арқылы ақпараттық материалдар тарату маңызды.

Қорытындылай келе, әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігі – қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың негізі. Заңды білу және оны құрметтеу арқылы ғана біз ксенофобия мен кемсітушіліктің алдын ала аламыз.

Мәліметпен бөлісу: