Тұрақты комиссия жұмыс үстінде

Өткен сәрсенбі күні Алматы облыстық мәслихатының индустриялық-инновациялық, энергетикалық инфрақұрылымын, туризмді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы Сарқан ауданы Лепсі ауылдық мәдениет үйінде «Балқаш көлінің жағалауындағы туризм инфрақұрылымының дамуы» тақырыбында өтті. Алдымен облыстық мәслихаттың депутаттары Лепсідегі Мұқан Төлебаевтың мемориалдық музейінде болып, қазақ халқының мақтанышы даңқты композитордың өмір жолымен, бай мұрасымен танысуға уақыт тапты. 

блыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, облыстық экология департаментінің, облыстық жер қатынастары басқармасының, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының, энергетика, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасының, аудандық мекеме-ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің, облыстық мәслихат аппараты мамандарының, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен  көшпелі отырысты облыстық мәслихат комиссиясының төрағасы Асқар Сүлейменов жүргізіп, Сарқан ауданының әкімі Ерғазы Қошанбеков ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуына игі әсерін тигізетін басты мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда аудан басшысы Балқаш демалыс аймағының инфрақұрылымының жобасын дайындауға, биыл құрылысы басталған аудандық аурухана ғимаратын орталық жылу қазандығына қосуға, сондай-ақ Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде көтерілген әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру бағытындағы «7-20-25» бағдарламасына сай аудан орталығынан көп пәтерлі тұрғын үй салуға қаржы аударылуына ықпал тигізулерін депутаттар назарына ұсынды.  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева облыс  аумағында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Көшпелі отырысқа арнайы шақырылған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев, облыстық экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов өз салалары бойынша күн тәртібіне қатысты мәселелерді талқылауға белсене атсалысты.

Аудан кәсіпкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, облыстың халық қалаулылары арасындағы ашық әңгіме сипатында өткен көшпелі отырыста көтерілген мәселелер шешімін тауып,  игі нәтиже береріне жұртшылық сенімі зор.

 

Ж. МАҚАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: