
Татулық пен бірлік – елдің ең басты байлығы. Бейбіт өмір мен өзара түсіністік орнаған қоғамда ғана тұрақты даму мен өркендеу болады.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Осындай алуан түрлі мәдениет пен тіл, дін мен дәстүрдің бір шаңырақ астында тату өмір сүруі – еліміздің ең басты құндылығы болып саналады.
Қазақ халқы қашан да бірлікті ту етіп, еңбекті елдің берекесі деп білген. Әсіресе, түрлі этнос өкілдері арасындағы сыйластық пен татулық – Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы. Бүгінгі таңда еліміздегі әрбір азамат өзінің табанды еңбегімен мемлекет дамуына үлес қосып келеді.ліміздің ең үлкен жетістігі.
Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемге тұрақтылық пен достықтың үлгісі ретінде танылып отыр. Шын мәнінде еліміздің халықтары арасындағы татулық табыстың кілті болып саналады. Осы татулықты сақтап, одан әрі нығайту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
