Аудан әкімдігінің мәжіліс залында шаруа қожалықтары, мал шаруашылығы саласы жетекшілерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Семинар-кеңесті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртөлеу Мұқашев ашып, «Ауыл шаруашылығының қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Алматы облысы филиалының директоры Мәди Ибадуллаев 2018-2028 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттарын түсіндірді. Сондай-ақ күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Динара Жуанышева ой-пікірлерін ортаға салды.
Семинар-кеңеске қатысушылар етті мал шаруашылығын дамытуға игі ықпалын тигізетін несиелендірудің өздеріне тиімді тұстарын атап өтіп, толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салды.
Өз тілшіміз.