
Жуырда Қарабөгет ауылдық округі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде оқушылар арасында «Конституция – күнделікті өмірде» тақырыбында ақпараттық акция аясында сауалнама жүргізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімдерін кеңейту және өз құқықтары мен міндеттерін білуге бағыт беру.
Іс-шара барысында шәкірттерге олардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, заң баптарының нақты өмірдегі қолданысы түсіндіріледі. Сонымен қатар түрлі кездесулер, түсіндіру жұмыстары және ақпараттық материалдар тарату арқылы халықтың заңға деген құрметін қалыптастыру көзделіп отыр.
Мұндай басқосудың нәтижесінде азаматтар өз құқықтарын жақсырақ біліп, заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарай бастайды.
Сауалнама барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, Конституцияның қоғамдағы және жеке өмірдегі маңызы туралы пікірлерін білдірді.
