Конституцияның маңызы түсіндірілді

            Жуырда Екіаша ауылдық әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, заң үстемдігін нығайту, қызметтік әдеп пен жауапкершілікті арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарын насихаттау, кәсіби қызметте Конституция талаптарын сақтауға бағыт беру мақсатында жиын ұйымдастырылды.

Іс-шаралар тізбегі аясында спикерлердің қатысуымен мазмұнды кездесулер өтіп, мемлекеттік қызметкерлерге Ата Заңның қоғам өміріндегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік билік тармақтарының қызметі, заң үстемдігі қағидаттары және конституциялық құндылықтардың маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар жиылыс барысында жұрт көкейіндегі сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Аталған іс-шаралар құқықтық сана арттыруға, ел заңнамасына құрметпен қарауға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.

Мәліметпен бөлісу: