«Таза жағалау» акциясы

20 шілде күні Черкасск ауылдық округінің жастар ісі әдіскер нұсқаушысы І.Мусабаланованың ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен, Теректі өзенінің маңын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. «Жасыл ел» еңбек жасағына біріккен жастар, 3 күн бойы Теректі өзенінің маңын күл-қоқыстан тазартты. Жағалау, Сарқан ауданының жаз мезгілінде демалатын орындарының бірі болғандықтан, қоқыстан арылту маңызды жұмыс саналады.

Акция мақсаты:  өзен мен бөген-тоғандардың жағалауына санитарлық  тазарту жұмыстарын жүргізіп,  салиқалы іске тұрғындар назарын аудару.  Қазір демалыстың қызған шағы. Өзен маңайын  төңіректейтіндер  тек қана тынығып қана қоймай,  өздерінен қалған қалдықтарды жинастыруы тиіс. Себебі елімізді көгалдандырып, таза күйінде сақтау – біздің басты мақсаттарымыздың бірі.

І.Мусабаланова,  

Черкасск ауылдық округінің жастар ісі әдіскер нұсқаушысы, БПҰ мүшесі.

 

Мәліметпен бөлісу: