Тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

Жуырда 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сарқан қаласының тұрғыны, тыл ардагері Борангазова Мадениет Омаровнаға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Шарапиев Ерлан Алибекович және ұйым қызметкерлері тарапынан құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Кездесу барысында ел дамуына елеулі үлес қосқан ардагерге сый-сияпат табысталып, ақжарма алғыс білдірілді. Жиын барысында қарт апамыздың ерлік пен еңбек жолы насихатталып, жас ұрпаққа өнеге боларлық тағылымды әңгімелер айтылды.

Мәліметпен бөлісу: