Латын әліпбиі –өзекті мәселе

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» мақаласында  айтылғалы бері қоғамда қызу талқыланып  келетін латын әліпбиі мәселесіне  қатысты әртүрлі пікірлер  мен қөзқарас  талқылана  келе шешімін тапты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына  көшіру туралы  Жарлыққа 26 қазан күні қол қойды. Елбасының мақаласында көтерілген латын әлібиіне көшу  мәселесі  өте өзекті  әрі орынды.Түркітілдес елдердің басым көпшілігі латынға  көшкен. Сондықтан да түркілдес  елдер арасында қарым-қатынасымыз жақсарады. Ақпараттық  технологиялық  заманында  ақпарат тарату  мен алуда латын  әліпбиінің  ыңғайлы  жақтары ескеріледі. Сондықтан жаңа  әліпбиіндегі  мәтіндерімізді насихаттау  жолында   электрондық  оқулықтар  шығарылды.  Білім және ғылым министрі мектептер мен ғылым ордаларына қалай жол тартатынын  баян етті. Ең бірінші  нөлдік және бірінші  сынып мұғалімдерін  даярлау басталды.Содан соң біз латын әліпбиін бүкіл білім беру жүйесінде, мектептерге ендірут кестесі жасалынып  іске асыруға кіріседі. 2018 жылдан бастап кезең –кезеңмен іске асырылмақшы.

Жуырда ХҚКО-да аталған тақырыпқа байланысты жиын өткізіліп, орталық басшысы С. Елюбаева: латыншаға көшудің  терең логикасы бар.Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның  коммуникацияның сондай-ақ 21-ғасырдағы ғылыми білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты. Латын әліпбиіне көшу заман талабы.Осы мақсатта қол жеткізу,соның жемісін көру үшін қолдау көрсету, әрбір жүрегі «елім» деп соққан қазақстандықтың абыройлы  міндеті  болмақ,  деп  іс шараны аяқтады.

 

Е.Шарапиев,

құжаттарды қабылдайтын маман.

 

Мәліметпен бөлісу: