
Амаnат партиясының мәжіліс залында «Конституция және жергілікті қоғамдастықтың құқықтық негіздері» тақырыбында депутаттық корпустың кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға депутаттар, партияның ардагерлері, БПҰ төрағалары, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, мемлекеттік мекеме өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында еліміздің Конституциясында айқындалған негізгі қағидаттар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың құқықтық мәртебесі мен қоғам өміріндегі рөлі кеңінен талқыланды. Қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, тұрғындардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуын арттыру және құқықтық сауаттылықты көтеру бағытында өз пікірлерін ортаға салды.
Отырыс кезінде Конституциялық реформалардың ел дамуына ықпалы туралы айтылып, заң талаптарын тиімді жүзеге асыру тетіктері жөнінде мазмұнды баяндамалар жасалды. Кеңейтілген форматта өткен жиын ашық пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
